Спорт

«Бұл — менің соңғы әлем чемпионатым»: Месси карьерасына қатысты мәлімдеме жасады

Әлем чемпионаты Катарда 20 қарашада басталады

Аргентина құрамасының капитаны, Францияның «Пари Сен-Жермен» клубының футболшысы Лионель Месси 2022 жылы Катарда өткен әлем чемпионаты оның соңғы біріншілігі болатынын айтты. Бұл туралы TN порталы хабарлады.

Журналистердің тиісті сұрағына Месси оң жауап берді. Футболшының айтуынша, ол әлем чемпионатында ойнағысы келеді және біріншілік басталғанға дейінгі күндерді асыға күтіп жүр.

«Бұл — менің соңғы әлем чемпионатым. Солай болатынына сенімдімін. Мен өзімді физикалық тұрғыдан жақсы сезінемін. Аздап уайымдап жүрмін, чемпионаттың басталғанын қалаймын. Біздің сонда ойнайтынымызға, әрі қарай не болатынына байланысты қобалжу бар. Біз жеңіске басты үміткер бола аламыз ба, жоқ па, белгісіз. Бірақ Аргентина әрқашан таңдаулылардың қатарында», — деді футболшы.

Аргентина құрамасы Мексика, Польша және Сауд Арабиясының командаларымен бір топта ойнайды.

Әлем чемпионаты Катарда 20 қарашада басталады.

Осы жылдың мамыр айында Месси Forbes нұсқасы бойынша әлемдегі ең көп жалақы алатын спортшы болды.

 

Другие новости

Back to top button