Социум

«Бұл балабақша емес, әскер» — желіні шулатқан сарбаздың анасы жауап берді

Әскерде ант қабылдау кезінде туыстары келмеген сарбаздың анасы журналистерге жауап берген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Сарбаздың анасына хабарластық. Ол мазалаламауымызды сұрап, «бұл балабақша емес, әскер» деп жауап берді. Анасы о бастан ант қабылдау рәсіміне баруды жоспарламаған екен», — деп жазды журналист Асхат Ниязов.

Еске салсақ, кеше Ақтау гарнизонында ант қабылдаған әскери қызметші Александр Землянкиннің туыстарының ешқайсысы салтанатты шараға келмеген. Сарбазды майор Нұрбол Шалабаев видеоға түсіріп, оған сәттілік тілеген. Бейнежазба әлеуметтік желіге кеңінен тарап, қолданушылар 10 мыңнан астам пікір қалдырған.

Другие новости

Back to top button