Нур-Султан

Бүгін түнде Астанада тағы бір жатақхана өртенді

Бүгін түнде елордадағы жатақханалардың бірінен тағы да өрт шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі 4 адам эвакуацияланғанын мәлімдеді.

Мәліметтерге қарағанда, Сарыарқа ауданы Құтпанов көшесі бойындағы бес қабатты жатақхананың дәлізінде қоқыс өртенген.

ТЖМ күштері баспалдақ арқылы 2 адамды, оның ішінде 2 баланы эвакуациялады, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ түнде Астананың Есіл ауданы Мереке көшесі бойындағы коттедждің шатыры өртенген. Зардап шеккендер жоқ.

Еске салсақ, кеше Астананың Байқоңыр ауданында орналасқан жатақханалардың бірінен өрт шыққан болатын. Зардап шеккендер бар.

Другие новости

Back to top button