Социум

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болады

Республика бойынша жел күшейіп, бірнеше өңірде бұршақ жауады

Синоптиктер 11 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Бүгін Қазақстанның басым бөлігі атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінде болатындықтан ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады және жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады, оңтүстікте таулы аймақтарда кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады. Тек еліміздің солтүстігі мен батысында жауын-шашынсыз ауа райы болады», — делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Республика бойынша жел күшейіп, батыста, солтүстік-батыста тұман, оңтүстік өңірлерде найзағай, бұршақ болады.

Алматы, Түркістан, Жамбыл, Жетісу облыстарының оңтүстігінде, орталығында және таулы, тау бөктерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жаууы мүмкін.

Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, солтүстігінде топырақ бетінде 3 градус үсік жүреді.

Астанада көшпелі бұлтты, таңертең және күндіз аздаған жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) жауады. Жел солтүстік-батыстан түнде 2-7, күндіз 9-14 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 0-2 градус аяз, күндіз 5-7 градус жылы болады.

Алматыда күн бұлтты, жаңбыр жауады, кейде найзағай ойнайды. Батыстан соғатын жел солтүстік-батыстан 3-8, найзағайдың екпіні 15 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 7-9, күндіз 11-13 градус жылы болады.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, түнде және таңертең жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 8-13, найзағайдың екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 7-9, күндіз 16-18 градус жылы болады.

Другие новости

Back to top button