Социум
Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жаууы мүмкін
Солтүстік өңірлерде жауын-шашын соңы қарға ұласады
Синоптиктер 27 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады.
«Қазақстанның басым бөлігінің ауа райын солтүстік-батыс циклоны анықтайтындықтан жаңбыр, шығысында қатты жаңбыр, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады) жаууы мүмкін. Республиканың батыс аумағы жоғары қысым аймағында болғандықтан жауын-шашынсыз ауа райы болады», — делінген «Қазгидромет» хабарламасында.
Еліміз бойынша кей жерлерде жел күшейіп, оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, солтүстігінде тұман түседі.
Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады.
Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Атырау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.