ГлавноеГосорганы

Бүгін Қазақстанда президенттікке кандидаттарды ұсыну басталды

Үміткерлерді ұсыну уақыты 11 қазанда сағат 18:00-де аяқталады

Бүгін Қазақстанда президенттікке кандидаттарды ұсыну басталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

Үміткерлерді ұсыну мерзімі 11 қазанда сағат 18:00-де аяқталады.

Кандидаттар Орталық сайлау комиссиясында ұсыныс түскен күннен бастап бес күн ішінде тіркеледі.

Олар кандидат ұсыну туралы республикалық қоғамдық бірлестіктің жоғары органы отырысының хаттамасынан үзінді көшірмелер, кандидаттың сайлауға түсуге келісімі туралы мәлімдеме және сайлау жарнасын қосқанын растайтын құжат өткізуі тиіс.

«Президенттікке кандидаттарды қолдау облыстар, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың кем дегенде 2/3 атынан теңдей өкілдік ететін сайлаушылар санының кем дегенде 1 пайызының қолын жинаумен куәландыруы тиіс. Қол қою парақтарын беру кандидаттың Конституция мен Конституциялық заңның талаптарына сәйкестігін анықтағаннан кейін 5 күн ішінде жүргізіледі», — деді Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров.

Кандидаттарға қойылатын талаптар:

ҚР азаматы болуы;

ҚР аумағында соңғы 15 жыл бойы тұруы;

Жоғары білімінің болуы;

Жасы 40-қа толған болуы;

Белсенді сайлау құқығының болуы;

Мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы лауазымда кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;

Мемлекеттік тілді еркін меңгеруі тиіс.

19 қараша – Тыныштық күні, 20 қараша – Президент сайлауы өтетін күн болып белгіленді.

президент сайлауы үміткер

 

Другие новости

Back to top button