Социум

Бүгін еліміздің солтүстік аумағында күн суытып, жаңбыр жаууы мүмкін

Республиканың қалған бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады

Синоптиктер 26 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады.

«ҚР-ның басым бөлігінің ауа райын солтүстік батыс циклоны және соған байланысты атмосфералық фронталды бөліктер анықтайтындықтан, жаңбыр, солтүстікте қатты жаңбыр, түнде солтүстікте жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады) жауады. Қазақстанның қалған аумағы жоғары қысым аймағында болғандықтан жауын-шашынсыз ауа райы болады. Республика бойынша кей жерлерде найзағай ойнап, жел күшейеді, оңтүстікте, оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғып, солтүстікте, солтүстік-батыста бұршақ жаууы мүмкін», — делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Қостанай облысының солтүстігінде, күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде қатты жаңбыр жауады.

Жамбыл, Қарағанды, Түркістан, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Павлодар облысының орталығында, Абай облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады, Атырау облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі күтіледі. Алматы облысының басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

 

Другие новости

Back to top button