Социум

Бүгін еліміздің бірнеше облысында жаңбыр, кей өңірде бұршақ жауады

Республика бойынша жел күшейіп, тұман түседі

Синоптиктер 14 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

 

«Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде Қара теңіз аудандарынан келетін циклонға байланысты жаңбыр жауады, солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта соңы қарға ұласатын жаңбыр жаууы мүмкін. Республика бойынша жел күшейіп, тұман түседі, солтүстікте, солтүстік-батыста көктайғақ, жаяу бұрқасын, оңтүстікте шаңды дауыл, найзағай, батыста, орталықта найзағай, бұршақ болады», — делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Ақмола облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, Қостанай облысының орталығында, оңтүстігінде, шығысында, күндіз Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, Атырау облысының солтүстігінде қатты жаңбыр жауады.

Астанада – көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады. Күннің соңында қар мен көктайғаққа ауысатын қатты жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, жел жылдамдығы 9-14, күндіз екпіні 17-22 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде және күндіз 5-7°С жылы, күндіз одан әрі төмендейді.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 11-13°С, күндіз 26-28°С жылы болады.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Жел жылдамдығы оңтүстік, оңтүстік-батыстан 8-13, күндіз екпіні 15-20 м/с  жетеді. Ауа температурасы түнде 13-15°С, күндіз 31-33°С жылы болады.

Другие новости

Back to top button