Социум

Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, жел күшейеді

Республиканың шығыс аумағында қар жауады  

Синоптиктер 30 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады.

«Солтүстік антициклонның әсерінен елдің солтүстігінде, оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады. Атмосфералық фронттардың әсерінен ҚР батысында жаңбыр, солтүстік-батысында және оңтүстік-шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), шығысында қар жауады. Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстік-батыста, оңтүстікте шаңды дауыл, шығыста көктайғақ болады», — делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталуда.

Астана қаласында ауа райы көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде күші 2-7, күндіз 5-10 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -6-8°С, күндіз +3+5°С болады.

Алматы қаласында ауа райы көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Жел 2-7 м/с болады. Ауаның температурасы түнде +8+10°С, күндіз +15+17°С болады.

Шымкент қаласында ауа райы көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Шығыстан жел соғады, күші 8-13 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +8+10°С, күндіз +23+25°С болады.

 

Другие новости

Back to top button