Социум

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жаууы мүмкін

Тек батыс өңірлерде жауын-шашынсыз ауа райы болуы ықтимал

Синоптиктер 17 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады.

«Атмосфералық фронтальды ағыстардың өтуімен ҚР басым бөлігінде жаңбыр жауып, күндіз елдің оңтүстігіндегі таулы аймақтарда қатты жаңбыр жауады. Елдің батысында ғана антициклон жотасы әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болуы мүмкін», — делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Республиканың кей жерлерінде жел күшейеді, батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде тұман түседі.

Күндіз Түркістан облысының тауларында қатты жаңбыр жауады.

Астана қаласында ауа райы көшпелі бұлтты болады, түнде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар), күндіз аздаған жаңбыр жауады. Батыстан жел соғады, күші 9-14 м/с жетеді. Ауаның температурасы түнде 0-2, күндіз 6-8 градус жылы болады.

Алматы қаласында ауа райы көшпелі бұлтты болады, күннің соңында жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан жел соғады күші 2-7, күндіз екпіні 12 м/с жетеді. Ауаның температурасы түнде 10-12, күндіз 16-18 градус жылы болады.

Шымкент қаласында ауа райы көшпелі бұлтты болады, таңертең және күндіз жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 8-13 м/с жетеді. Ауаның температурасы түнде 8-10, күндіз 18-20 градус жылы болады.

 

 

Другие новости

Back to top button