Социум

Бүгін бірқатар аймақта 41 градусқа дейін ыстық болады

Синоптиктер осыған байланысты ескерту жасады

5 маусымда Қазақстанның бірқатар өңірінде 41 градусқа дейін ыстық болады, деп хабарлайды Қазгидромет.

  • Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жео соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Күндіз облыстың басым бөлігінде 36 градус қатты ыстық болады.
  • Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында 41 градус өте қатты ыстық болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.
  • Атырау облысының батысында нөсер жаңбыр, бұршақ жауады, найзағай ойнайды. Солтүстіктен оңтүстік-батысқа ауысып жел соғады, күндіз облыстың шығысында 15-20 м/с-қа жетеді. Күндіз облыстың басым бөлігінде 38 градус қатты ыстық болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
  • Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Облыстың шығыс жартысында төтенше өрт қаупі бар.
  • Абай облысының оңтүстігінде жел солтүстік-шығыстан 15-20 м/с соғады. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-37 градус қатты ыстық болады.
  • Павлодар облысының басым бөлігінде 35-39 градус қатты ыстық болады және төтенше өрт қаупі бар.
  • Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігінде 35 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың солтүстік батысында төтенше өрт қаупі бар.
  • Маңғыстау облысының батысында тұман түседі. Күндіз облыстың басым бөлігінде 38 градус қатты ыстық болады, төтенше өрт қаупі бар.
  • Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні — 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 39 градусқа дейін қатты ыстық сақталады.
  • Қызылорда облысында 40 градус қатты ыстық болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Другие новости

Back to top button