Западно-Казахстанская область
БҚО-да тұрғындарға көмектесіп жүрген құтқарушыға ер адам пышақ сұққан
Батыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға көмектесіп жүрген 26 жастағы құтқарушыны ер адам пышақтаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға Қазталов ауданы Жалпақтал ауылының маңында болды. Жедел деректер бойынша, жергілікті тұрғындарға көмек көрсету бойынша су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізу барысында Қараөзен өзенінің жағасында 26 жастағы азаматтық қорғау сержанты жараланды.
Ол аудандық ауруханаға кеуде аймағындағы екі пышақ жарақатымен жеткізілді. Науқас дәрігерлердің бақылауында.
Полицияның мәліметінше, шабуылдаушы ішімдік ішкен күйінде болған. Сотқа дейінгі тергеу басталды.