Западно-Казахстанская область

БҚО-да құтқарушылар екі ауылдың тұрғындарын эвакуациялап жатыр

Батыс Қазақстан облысының Жерсуат ауылына жақын маңдағы елді мекендерден 25 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, құтқарушылар БҚО Бөрлі ауданының Қарашығанақ және Димитров ауылдарының тұрғындарын алдын ала эвакуациялады.

«Жерсуат елді мекеніне, мектеп жанындағы интернатқа 25 адам көшірілді, оның ішінде бір бала бар», — делінген хабарламада.

Ведомствода тұрғындарды қауіпсіз жерге эвакуациялау сәтінің кадрларымен бөлісті.

Айта кетейік, жақында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына байланысты төтенше жағдай жөніндегі жедел штаб отырысын өткізді.

Другие новости

Back to top button