Выбор редакцииЗападно-Казахстанская область
БҚО-да «Оралды Ресейге беру керек» деп мәлімдеген тұрғындардың үстінен іс қозғалды
Ұсталған азаматтар кешірім сұрап, «арандатушылыққа бой алдырып қалғанын» мәлімдеген
Батыс Қазақстан облысында «Оралды Ресейге беру керек» деп мәлімдеген тұрғындарға қатысты «Араздықты қоздыру» бабы бойынша тергеу басталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhyагенттігі «Мой город» порталына сілтеме жасап.
Бейнежазбадағы «батырларды» ҚР ҰҚК мен облыстық полиция департаментінің қызметкерлері көп ұзамай-ақ қолға түсірді. Ұсталған азаматтар кешірім сұрап, тіпті өздерінің «олай айтқысы келмегенін», тек «арандатушылыққа бой алдырып қалғанын», жалпы алғанда өздерін «қазақстандықпыз деп санайтындарын» айтқан.
Батыс Қазақстан облысының Полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабының 2-бөлігімен «Әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, рулық, таптық немесе діни алауыздықты қоздыру» бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Олар бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Тергеу мүддесіне қатысты басқа деректер жарияланбайды.