Госорганы

БҚО-да әйелімен жанжалдасқан ер адам екі полицейді пышақтаған (ВИДЕО)

Ол 5 жылға сотталды

ІІМ полицияға қарсылық көрсетіп, бағынбау әрекеттері үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 

«2024 жылдың қорытындысына сәйкес осындай 271 дерек тіркелді. Оның 127-сі мас күйде, 87-сі бұрын сотталғандармен және 19-ы адамдар тобымен жасалған», — деді ІІМ өзіндік қауіпсіздік департаменті бастығының орынбасары Алтынбек Шүйіншалиев.

Полиция қызметкерлеріне қарсы күш қолданып, заңсыз әрекет жасағаны үшін 225 азамат сотталған. Мысалы, Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының тұрғыны бес жылға бас бостандығынан айырылды. Жұбайымен жанжалдасқан ер адам екі учаскелік полиция инспекторына пышақ ала жүгіріп, оларды жарақаттаған.

Ақтөбе облысының Қандыағаш станциясында да осындай жағдай болды.

«Астана – Атырау» бағытындағы пойыз жолаушысы ішімдік ішіп, патрульдік қызмет инспекторларына физикалық қарсылық көрсеткен. Денсаулыққа зиян келтіргені үшін ер адам төрт жылға бас бостандығынан айырылды.

«Полиция азаматтардың өмірін, денсаулығын, құқықтарын, бостандықтарын және қоғамның заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді. Құқықтық нормаларды сақтамай, әділетті Қазақстан құру мүмкін емес. Азаматтарды заңды сақтауға, билік өкілдеріне бағынбау және оларды қорлау фактілеріне жол бермеуге шақырамыз. Мұндай әрекеттер үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көзделгенін еске саламыз», — деді Алтынбек Шүйіншалиев.

Другие новости

Back to top button