Западно-Казахстанская область

БҚО-да 6 жасар бала металл қоршауға қыстырылып қалды

Баланы құтқарушылар арнайы құралдың көмегімен құтқарды

Батыс Қазақстан облысында 6 жасар бала металл қоршауға қыстырылып қалды. Бұл туралы БҚО ТЖД баспасөз қызметінен мәлім етті деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Департамент мәліметінше, оқиға 8 тамыз күні Теректі ауданы Юбилейный ауылында болды.

«Сағат 17.19-да 2017 жылғы баланың металл қоршауға қыстырылып қалғаны жөнінде хабар түскен. Оқиға орнына шұғыл жеткен жедел құтқару жасағының құтқарушылары балақайдың үй маңындағы қоршаудан шыға алмай тұрғанын көреді. Құтқарушылар алдымен оны сабырға шақырып, содан кейін арнайы құралдардың көмегімен металл қоршаудан алып шығып, ата-анасына табыстады», — делінген хабарламада.

Другие новости

Back to top button