Западно-Казахстанская область

БҚО-да 500-ден астам үй мен 15 кәсіпорын газсыз қалды

Батыс Қазақстан облысында 513 жеке тұрғын үй мен 15 коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорын газсыз қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«ҚазТрансГазАймақ» АҚ Батыс Қазақстан өндірістік филиалы оқиға 27 наурыз күні Орал қаласына іргелес орналасқан Бәйтерек ауданы Мичурин ауылында болғанын атап өтті.

Мичурин ауылы Заводская көшесінде еріген қар суларын азайту жұмыстарына жалданған экскаватор рұқсат етілмеген орында жұмыс істеген. Салдарынан сағат түнгі 02.05-те газ шығатын орташа қысымды Ду-160 мм жерасты полиэтилен газ құбырына ішінара зақым келген. Авариялық-диспетчерлік қызметінің слесарі газ құдығының ысырмасын жауып тастады. Соған байланысты 513 жеке тұрғын үй және 15 коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорын газсыз қалды. Қазіргі уақытта қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізілуде, — деп хабарлады компаниядан.

Еске сала кетейік, бұған дейін Орал қаласында үйлерге қар суы кіріп жатқан еді.

Другие новости

Back to top button