Западно-Казахстанская область
БҚО-да 4,7 мың гектардан астам жайылым жер мемлекетке қайтарылды

БҚО-да Қазталов ауданы әкімдігінің заңбұзушылықтар жасағаны үшін 4,7 мың гектардан астам жайылым жер мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ауыл шаруашылығының жер ресурстарын басқару департаментінің жүргізген тексерісі нәтижесінде БҚО-да 4750 гектар жайылым жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Қазталов ауданында халықтың орталық пайдалануға арналған шөп шабындықтары мен жайылымдары сегіз ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативіне заңсыз берілген.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, Қазталов ауданы әкімінің аппараты мен жер қатынастары бөлімінің Жер кодексінің нормаларын сақтамай, бірқатар заң бұзушылыққа жол бергенін хабарлады.
Еліміздің Жер кодексінің 26-бабы, үшінші тармағына сәйкес, жайылым жерлер жеке меншікке немесе жекеше жер пайдалану құқығына берілмейді, тек қана халықтың қажеттілігі үшін пайдалануы тиіс.