Госорганы

Болашақ педагогтер үшін 30 инновациялық білім беру бағдарламасы енгізілмек

 2023-2024 оқу жылында болашақ педагогтер үшін 30 инновациялық білім беру бағдарламасын енгізу жоспарланған. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Педагогикалық жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім ұйымдары білім беру бағдарламаларын үнемі өзектендіреді. Айталық, үздік әлемдік тәжірибені ескере отырып, білім беру бағдарламаларының 73 пайызы жаңартылды. 2023-2024 жылында Дүниежүзілік банктің «Педагогикалық білімнің әлеуетін күшейту» жобасы аясында әзірленген 30 инновациялық білім беру бағдарламасын енгізу жоспарланып отыр», — деп атап өтеді Премьер-Министр жауабында.

Әлихан Смайылов болашақ педагогтердің тәжірибелік дайындығын күшейту үшін педагогикалық жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім ұйымдары мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарымен 200-ден астам келісімшарт жасасқанын атап өтеді.

«Студенттердің тәжірибеге бағдарланған білім алуын, сонымен қатар 1-ден 4 курсқа дейін тәжірибенің барлық түрі бойынша тәлімгерлерге еңбекақы төлеуді қарастыратын педагогикалық тәжірибе жүргізу жөніндегі жаңа әдістемелік ұсыным бекітілді», — деді Үкімет басшысы.

Другие новости

Back to top button