Главное

«Болашақ ойындары – 2026» жүлде қорына миллиондаған доллар жұмсалады: қаржы қайдан алынады

Мәдениет және спорт министрлігі Астанада өтетін «Болашақ ойындары – 2026» халықаралық көпсалалы турнирі биыл Абу-Дабиде өткен ойындардан да ауқымды болады деп уәде берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

ОКҚ-де өткен брифингте туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев халықаралық шараны өткізуге мемлекет тарапынан қанша қаражат жұмсалатыны туралы айтуға әлі ерте екенін, алдағы шығындар есептеліп жатқанын айтты. Алайда жүлде қорының көлемі нақты белгілі. Өз кезегінде «Қазспортинвест» АҚ президенті Әлібек Хасенов жүлде қорына бюджет қаражаты мүлде жұмсалмайтынын атап өтті.

– 13 пән бойынша жүлде қорының жалпы бюджеті – 10 миллион доллар, бұл сома толығымен демеушілік қаражат есебінен қалыптасады. Қазіргі таңда біз демеушілер тарту бойынша өте белсенді жұмыс жүргізіп жатырмыз. Қазірдің өзінде бізбен өз еркімен ынтымақтастық танытқан алдыңғы қатарлы компаниялармен жақсы қарым-қатынас орнатылды… Сонымен қатар халықаралық компаниялармен де тікелей келіссөздер жүргізілуде, олар да бұл жобаға қатысуға мүдделі, – деді Әлібек Хасенов.

КОНТЕКСТ

Еске салайық, өткен жылдың күзінде Қазақстан дәстүрлі спорт пен киберспортты біріктіретін ерекше халықаралық турнир – Phygital Games of the Future 2026 жарысын өткізу орны ретінде ресми түрде таңдалды. Қазақстан бұл құқықты Перу мен Чилимен бәсекелесіп, жеңіп алған.

Другие новости

Back to top button