Спорт

Боксшы Айдос Ербосынұлы комадан шыққаннан кейінгі алғашқы суретін жариялады

Дэвид Моррельдің нокаутынан кейін оған ота жасалған болатын

Қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы ұзақ уақыттық үзілістен соң жұртшылық алдына шықты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Боксшының Instagram желісіндегі парақшасынд «Әльхамдулиллаһ» деген сөзбен жариялаған суретінен оның қазіргі жағдайының жақсы екенін көруге болады.

Айта кетсек, 6 қарашада орта салмақтағы қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы WBA Regular тұжырымы үшін жекпе-жекте кубалық Дэвид Моррельдің нокаутынан кейін комаға түсіп, артынша ота жасалған болатын.

Кәсіпқой бокста күш сынап, алыс шетелдерде еліміздің атын шығарып жүрген боксшының тағдырына барша қазақстандықтар ғана емес, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та қолдау білдіріп, жеделхат жөнелткен еді.

Кейіннен Айдос Ербосынұлының денсаулығының оңалып келе жатқаны хабарланған болатын.

Другие новости

Back to top button