Госорганы

Блогерлер құқыққа қарама-қайшы контент жарияласа, қалай жазаланады

Уәкілетті орган онлайн платформаның қызметін шектеуге құқылы болады

Бұл туралы депутат Анас Баққожаев Мәжілісте «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» заң жобаларының талқылануы барысында айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Бұл заң жобасы онлайн платформаны пайдаланушы және инфлюенсер – онлайн платформа арқылы кәсіпкерлік қызметпен айналысатын онлайн платформаны пайдаланушы ұғымдарын енгізеді. Сондай-ақ олардың құқықтары мен міндеттері белгіленеді. Заң жобасына онлайн платформаларда жалған ақпаратты таратуға, орналастыруға тыйым салу енгізіледі. Бұдан басқа, онлайн платформалардың интерфейстері мен модерациясына мемлекеттік тілді міндетті түрде интеграциялау көзделеді. Бұл әлеуметтік желілердің алгоритміне құқыққа қарама-қайшы контентті қадағалауға, сондай ақ қазақ тіліндегі контентті модерациялауға мүмкіндік береді», — деді депутат.

Ол атағандай, онлайн платформалардың меншік иелері үшін мемлекеттік органдармен анық емес ақпаратқа және салықтан жасыруға қарсы күрес бойынша ынтымақтастық жөніндегі міндеттеме енгізіледі.

«Ол үшін интернетте осы ресурсты пайдаланушылардың санын анықтау үшін бағдарламаны орнату және уәкілетті органмен өзара іс қимыл жасайтын өзінің заңды өкілін тағайындау жөнінде талап белгіленеді. Онлайн платформаларда құқыққа қарама-қайшы контент анықталған жағдайда онлайн платформаның заңды өкіліне оны жою қажеттілігі туралы хабарлама жіберіледі. Егер бұл талап орындалмаса, онда уәкілетті орган онлайн платформаның қызметін шектеуге құқылы болады», — деді ол.

Другие новости

Back to top button