Бизнес

Бизнес энергетиктер акцизіне қарсы: сала және экономикадағы салдары.

2025 жылғы 15 сәуірде ҚР Парламентінің депутаттары Салық Кодексінің жаңа жобасы аясында төмендегі  мөлшерлемелермен энергетикалық сусындарға (бұдан әрі ЭС) акциз енгізу туралы түзетуді қабылдады: 2026 жылы — 100 теңге/л, 2027 жылы — 140 теңге/л, 2028 жылы — 180 теңге/л. Өз қорытындысында ҚР Үкіметі бұл шараны қолдады.

Бизнес-қоғамдастық қабылданған шешіммен үзілді-кесілді келіспейді. Мәжіліс шеңберіндегі шешім қабылдау рәсімінің өзі таң қалдырады, бизнес ұстанымы еленбеген, бизнес өкілдеріне оны толық көлемде білдіруге мүмкіндік берілмеген, бизнеске арналған регламент аса шектеулі. Қазақстанда қабылданған мұндай реттеушілік (21 жас шектеуі мен акциз бір уақытта) әлемде еш жерде орын алмаған.

«Ұсынылған шара әділетсіз, кемсітушілік сипатқа ие, себебі кофеин секілді денсаулыққа зияны ұқсас компоненттері бар өнімдерге (кофе немесе шай) қолданылмайды. Қазақстанда азық-түлік өнімінің осы санатына қатысты ғылыми  фактілермен расталмаған мифтер мен қауесеттерге негізделген шешімдер қабылдануда деп санаймыз, реттеушілер ингредиент құрамын зерттемеген. Ал бұл санаттың қауіпсіздігін OECD елдеріндегі азық-түлік қауіпсіздігін реттеушілер ресми түрде мойындайды: АҚШ (FDA — АҚШ Тамақ және дәрі-дәрмек басқармасы), ЕО (EFSA — European Food Safety Administration — Еуропалық азық-түлік қауіпсіздігі басқармасы), Канада, Австралия мен Жаңа Зеландия және тағы басқа елдерді атауға болады» — деді ҚР Алкогольсіз сусындар мен шырындар қауымдастығының президенті Әлия Мамытбаева.

Ұсынылған шара артық, себебі 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанда 21 және одан кіші жастағы тұлғаларға ЭС сатуға әлемде баламасы жоқ тыйым салу енгізілді.

Оған қоса, 2020 жылдан бастап Қазақстанда акциз енгізу мақсатында сауықтыру сылтауымен ЭС бойынша ғана емес, құрамында қанты бар барлық сусындарды (бұдан әрі — ҚБС) негізсіз демонизация процесі жүріп жатқанын атап өтпекшіміз. ҚБС, сондай-ақ ЭС-ты акциздеудің әлемдік тәжірибесі жекелеген өнімдерге (мысалы, газдалған сусын) бағытталған салықтар жалпы қант тұтынылуына айтарлықтай әсер етпейтінін көрсетеді (100-ден аса еңбек пен 50 елден алынған деректерді қамтыған Калифорния университетінің зерттеулері, Британ университеті, Tax Foundation зерттеу орталығынан алынған мәліметтер). РФ Үкіметі жанындағы Сараптау орталығының талдауы көрсеткендей, мұндай салықты енгізген 24 елдің ішінде қанты бар сусындарды тұтынудың төмендеуі тек төртеуінде байқалған. Кейбір елдер бұл салықты алып тастаса (Норвегия, Исландия, Дания), басқалары шешімдерін қайта қарауда.

Бұл ретте қазақстандықтардың тамақтану құнарлығындағы ҚБС үлесі небәрі 5,2%-ды құрайды.

Қазақстанда энергетикалық сусындар санатына қатысты ғылыми фактілермен расталмаған мифтер мен қауесеттерге негізделген шешімдер қабылданғанын ерекше атап өтеміз.

         «Денсаулық» Ұлттық қауымдастығының дәрігері және сарапшысы Гинтаутас Кентрдің айтуынша, 2023 жылғы бағалауға сәйкес, Қазақстан халқы кофеиннің негізгі бөлігін шайдан (60,4%) және кофеден (24,6%) алады. Сергітетін сусындар арқылы (энергетиктерді қоса алғанда) — тек 4,9%-ы. 2023 жылғы шай, кофе және ЭС нарығының импортын бағалауға сәйкес, ҚР тұрғындары күнделікті тұтынатын кофеиннің орташа мөлшері: шай мен кофеден 211 мг және «энергетиктерден» 5 мг құрайды. Құрамында кофеин бар тағамдарды тұтынуда негізгі факторлар — хабардарлық пен ұстамдылық рөл ойнайды. Егер ақылға қонымды дозалар сақталса, мұндай сусындар әсіресе ақыл-ой жүктемесі немесе физикалық күштену  жағдайында қауіпсіз әрі пайдалы болуы мүмкін

Ал бұл санаттың қауіпсіздігін OECD елдеріндегі азық-түлік қауіпсіздігін реттеушілер ресми түрде мойындайды: АҚШ (FDA — АҚШ Тамақ және дәрі-дәрмек басқармасы), ЕО (EFSA — European Food Safety Administration — Еуропалық азық-түлік қауіпсіздігі басқармасы), Канада, Австралия мен Жаңа Зеландия және тағы басқа елдерді атауға болады.

Аталған шара мемлекет үшін экономикалық тұрғыдан тиімсіз, себебі энергетикалық сусын өндірушілері үшін ғана емес, өзара тәуелді салалардың бүкіл тізбегі үшін ауыр зардаптарға әкеледі. Оған қоса, қабылданған шешім қисынсыз, өйткені алкогольсіз сусын өндірушілерінен түсетін салық түсімдерінің үлесі жалпы салық көлемінің 0,55%-н ғана құрайды. Энергетиктерден түсетін салық түсімінің үлесі жалпы алкогольсіз сусын өндірісінің 5%-н ғана құрайды. Оның үстіне ҚҚС-ты 16 пайызға дейін арттыру жоспарлануда, акциздік салық пен 16%-дық ҚҚС-ты бірге енгізу жағдайында өнім құны кемінде 25%-ға өседі.

Энергетикалық сусындарға жеке акциз енгізілген жағдайда өндірістің 30%-ға, өндірістегі жұмыс күші мен дистрибьютерлер 20%-ға дейін, еңбекақы төлеу қорының жалпы 6,2 млрд. теңгеге, бюджетке төленетін салықтың 6 млрд. теңгеге қысқаруы болжанып отыр.

Көршілес елдерге қарағанда мөлшерлемесі жоғары (РФ — 50 теңге/л, ӨР – 77 теңге/л және т.б.) акциз енгізу жергілікті өндірушілердің бәсеке қабілеттілігінің төмендеуіне және отандық өнімдерді кеден одағы елдерінің ұқсас тауарларына алмастыруға әкеледі.  Бірнеше жыл бұрын Данияда алкогольсіз сусындарға акциз енгізілуіне байланысты осындай жағдай орын алған — аталған шара енгізілгеннен кейін бірнеше ай ішінде нарықтағы өнімнің жартысынан көбі ЕО-ның басқа елдерінен алынған өнімдермен ауыстырылды. 2020-2025 жылдар аралығында сусын өндірісінде қолданылатын негізгі компоненттер құнының акцизсіз де тұрақты өсуі байқалады, негізгі ингредиенттер — қант пен қаптама құны орта есеппен сәйкесінше 11,0% және 7,3%-ға өсті. Осы компоненттердің өнімнің өзіндік құнындағы үлесі 35%-40% құрайды, олардың құнының кез-келген өзгеруі соңғы өнімнің өзіндік құнына кері әсерін тигізеді.

Ұсынылған шара инвестициялық тартымдылыққа кері әсер етеді, бұл инвестициялық жоспарларды қайта қарауға, тікелей инвестициялардың көрші елдерге кетуіне апарады. Кәсіпкерлік кодекс нормаларына сәйкес ҚБС және ЭС акцизделетін тауарларға жатқызылған жағдайда, тауарлардың осы тобын өндірушілер мен көтерме сатушылар инвестициялар туралы келісім жасау мүмкіндігінен айырылады. Carlsberg Kazakhstan компаниясының жобаны іске асырудың алғашқы 3 жылында инвестиция сомасы 100 млн еуродан асатын сусын шығару зауытын салу жобасы 2025 жылы іске асырылатын 20 стратегиялық инвестициялық жобалар тізіміне енгізілді. Алдағы уақыттағы тағдыры белгісіз болып тұр.

       Барлық аралас салалар, соның ішінде отандық қант индустриясы зардап шегеді, өйткені алкогольсіз сусындар саласы қанттың негізгі өнеркәсіптік тұтынушыларының бірі. Дистрибуция, буып-түю, қоғамдық тамақтану саласы, рестораторлар сияқты барлық ШОБ үшін салдары айқын.

Қорытынды: Ұсынылған шара мемлекет басшысының нақты экономика секторын қолдау міндетіне қайшы келеді.  Шараны қабылдау нәтижесіндегі қорытынды біреу — ШОБ-ты ірі ойыншылардың пайдасына қысқарту, қазақстандық өнімді кеден одағы елдерінің аналогтарымен ауыстыру, отандық алкогольсіз сусындар индустриясын жою. Жеке өнімге (яғни энергетиктер немесе ҚБС-тың бүкіл санаты — маңызды емес) акциздік салық енгізудің қабылданған саясатынан бас тарту  қысқа және ұзақ мерзімді перспективада мемлекетке көбірек пайда әкеледі.

       Осыған ұқсас реттеушілік (яғни, 21 жас шектеуі + акциз бір уақытта) әлемде болмағанын, энергетикалық сусын өндірушілерімен бірге бүкіл алкогольсіз сусын индустриясы, аралас салалар үшін де айқын салдары болатынын ескере отырып, бұл шараны енгізуді қыркүйекке дейін кейінге қалдыруды ұсынамыз. Бизнес өзі ұсынған балама бағыттардың ескеріліп, қосымша және жан-жақты бағалау әділ әрі тиімді шешім әкелетініне сенімді.

Другие новости

Back to top button