Социум

«Бізде қымбат болған соң сырттан аламыз»: Қазақстандықтар шетелдік көліктерді заңдастыру мерзімін ұзартуды талап етеді

Қазақстанда 300 мыңнан астам көлік заңдастырылған. Бұл елге 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген көліктер. Бірақ, берілген мүмкіндіктерге қарамастан, тағы мыңдаған жүргізуші темір тұлпарларын тіркемеген. Кейбір жүргізушілер заңдастыру мерзімін ұзартуды талап етеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро жаңалықтар бөліміне сілтеме жасап хабарлайды.

 

Елімізге шетелден әкелінген көліктерді тіркеу өткен 2023 жылдың шілде айында аяқталды. Алайда кейбір жүргізушілер заңдастыру мерзімін ұзартуды талап етуде. Олар бірнеше себептерге көліктерін заңдастырып үлгермегендерін алға тартады.

“Бір себептермен заңдастырудан өтуге уақытымыз болмады. Көбісі электронды порталдар арқылы құжат рәсімдей алмады. Ал көпшілігі көліктерін 1 қыркүйектен кейін әкелген. Яғни белгіленген мерзімге сай келмедік”, – дейді жүргізуші Асхат Берсәлімов.

Екінші жүргізуші Санат Сейітов болса үкіметтен көліктерін заңдастырып беруді сұрайды.

“Барлығымыз несиеге сатып алып, үйді кепілге қойғанбыз. Бір көлік бүкіл отбасын асырап отыр. Бірақ біз оны міне алмаймыз. Ол жақта арзан болғандықтан шетелден сатып алдық. Бізден сатып алу өте қымбат”, – деп шағымданады ол.

Шын мәнінде, жүргізушілер көліктерін кез келген күні заңдастыруына мүмкіндік бар, ол үшін олар бастапқы жарна мен кәдеге жарату құнын (утильсбор) төлеуі керек. Бірақ оның бағасы аз емес, әсіресе көлік ескі болса. Көптеген адамдарда мұндай ақша жоқ, өйткені темір тұлпарларын көбісі несиеге алған. Алматы қалалық мәслихат депутаты көлік жүргізушілерінің тілегін жеткізуге уәде берді.


“Алматыдан парламент мәжілісінің депутаттары бар. Сіз бізге жазыңыз, біз оларға жібереміз. Қалада ғана жұмыс істейтіндіктен өзіміз де көмектесе алмаймыз”, – деп түсіндіреді қалалық мәслихаттың депутаты Мұхтар Зулеев.

Жүргізушілерге қатысты жағдайға индустрия және құрылыс министрлігі түсініктеме берді.

“Екі жылдан аспайтын жаңа көліктер үшін бастапқы жарна сомасы небәрі 923 теңге, 2-3 жылдан асатындарға 184 мың теңгені құрайды. Ал ары қарай – 1 миллион 800 мың. Бұл жаңа экологиялық таза автокөліктерді әкелу және көлік паркін жаңарту мақсатында жасалды. Біз бағаны қайта қарау қажет емес деп санаймыз”, – дейді индустрия және құрылыс министрлігі өнеркәсіп комитетінің бас сарапшысы Төреәділ Әбдірахманов.

Сондай-ақ ол елімізде автокөлік шығаратын бірқатар зауыттар салынып жатқанын да жеткізді. Осылайша шетелдік көліктердің отандық өндірісін жолға қою көзделіп отыр екен.

Бұған дейін ішкі істер министрлігі 2022 жылдың қыркүйегіне дейін әкелінген және заңдастырып үлгермеген көліктің иелері не істейтінін түсіндірген.

Другие новости

Back to top button