Выбор редакцииСоциум

«Бізде азғындық үшін жауапкершілік қарастырылмаған»: Белгілі заңгер сексуалды азғындық құрбаны болған жағдайда не істеу керегін айтты

Заңгер Жанна Уразбахова Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық деректеріне қатысты жеңіл жаза қарастырылғанын мәлімдеді. Оның сөзінше, сексуалды азғындық жасағандар мүлде жазаланбайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 

Тимур Балымбетовке берген сұхбатында заңгер әнші Мадина Сәдуақасованың бетінен сүйген ер адамның әрекетін «азғындық жасау» деп бағалады.

«Заңда «азғындық жасау» деген ұғым жоқ. Мемлекет азғындық жоқ деп пайымдайды. Себебі статистика бірден артып кетеді. Прокурорлар да, ІІМ осыдан қорқады. Бізде тұрмыстық зорлық-зомбылық жасағандарға әкімшілік жаза қолданылады. Әйелін ұрып тастаған адамға жай ғана ескерту жасайды, қамауға алмайды. Ал тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны келесі жолы осындай жағдай болса, арыз түсірмейді», – деді заңгер.

Жанна Уразбахова сексуалды азғындық дерегі болса, заңдық негізде қалай әрекет ету керегін түсіндірді.

«Жалпы «азғындық» дегеніміз не? Оған қырындау, сексуалды сипаттағы ойын тұспалдап жеткізу, денесіне қол жүгірту жатады. Мұндай деректі Мадина Сәдуақасова ән айтып тұрғанда байқадық. Егер сексуалды азғындық орын алса, полицияға шағымдану қажет. Полиция бұл жағдайда әкімшілік хаттама толтыра алады. Сондай-ақ азғындық дерегін дәлелдеу үшін фото немесе видеоға түсірген абзал. Егер жұмыс орнында болса, басшыға шағым түсіріп, ішкі тексеріс жүргізуді талап ету қажет. Оның нәтижесі бойынша азғындық жасаған адамды жұмыстан шығару мүмкіндігі туады. Әрине, қамауға алынбаса да, өзіңізді қорғайсыз», – деп мәлімдеді ол.

Другие новости

Back to top button