Главное
Биыл Қазақстанда грантқа құжаттар қашан қабылданады

2025 жылы грант конкурсына құжаттар 13-20 шілде аралығында қабылданады. Бұл туралы ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Грантты тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау шілденің 13-20 күндері аралығында жүргізіледі. Оның нәтижесі 10 тамызға дейін жарияланады», — деді ол Үкімет отырысында.
Ал жоғары оқу орнына тіркелу 25 тамызға дейін жалғасады.
Вице-министр биылғы оқу жылы ЖОО-ларда 10 шілдеге дейін аяқталатынын атап өтті.