Госорганы

Биыл қанша электр стансасы жөндеуден өтеді

 Үкімет отырысында Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев алдағы жылыту маусымына қалай дайындалатынын айтты.

«Алдағы жылыту маусымына дайындық аясында биыл электр станцияларында 10 энергоблокты, 55 қазандықты және 45 турбинаны жөндеу жоспарланған. 2 энергоблокта, 12 қазандық пен 2 турбинадағы жөндеу жұмыстары әр түрлі сатысында тұр. 1 энергоблок пен 1 қазандықта және 4 турбинада жөндеу жұмыстары аяқталды», — деді ол.

Министрдің сөзінше, жалпы ұзындығы 20 мың шақырымнан астам электр желісі жаңарады.

«Жалпы ұзындығы 20,9 мың шақырым болатын электр беру желілерін, сондай-ақ жоғары кернеулі 423 кіші станцияны жөндеу жоспарланған. Электр желілерін жөндеу бекітілген графиктерге сәйкес жүргізіліп жатыр. Барлық өңірлердегі электр станцияларында жөндеу жұмыстары графиктерге сәйкес жүргізілуде, кешігіп жатқан жоқ», — деді Алмасадам Сәтқалиев.

Другие новости

Back to top button