Ақша

Биыл көктемде Қазақстанда 700 млрд теңге көлемінде арзан несие беріледі — оны кімдер ала алады

Биыл көктемгі егіс науқаны кезінде диқандарға 700 млрд теңге көлемінде арзан несие беріледі. Бұл туралы үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Былтыр экономиканың басқа салаларына қарағанда ауыл шаруашылығы даму қарқыны бойынша алға шықты. Бұған көктемгі егіс науқанына берілетін арзан несие көлемін едәуір арттырудың арқасында қол жеткіздік. Биыл осы науқанға кемінде 700 миллиард теңге бөлу керек. Арзан несиені малшыларға және ауыл шаруашылығы өнімін өңдеушілерге берген жөн», — деді Тоқаев.

Осы ретте президент «тиімділігі төмен субсидиялау тәсілінен жеңілдікпен несие беру тәсіліне көшу қажет» екенін тағы да бір рет еске салды.

«Былтыр диқандарымыз мол астық жинады. Бірақ бидай бағасы тым арзандап кетті. Шаруаларды қолдауға және ішкі нарықты тұрақтандыруға Азық-түлік корпорациясы атсалысты. Бірақ бұл – уақытша шешім. Көбірек табыс әкелетін дәнді-дақылға көшуді жалғастыру қажет. Сондай-ақ шикізатты сақтау және оны терең өңдеу мүмкіндіктерін арттыру маңызды. Өнімді шетелге шығаруға қолдау көрсету керек. Малдың жұқпалы ауруларына қатысты ахуалды, соның ішінде екпе егу мәселесін ерекше бақылауда ұстаған жөн. Мал шаруашылығының экспорттық әлеуеті осыған байланысты», — деді президент.

Другие новости

Back to top button