Госорганы
Биыл жол апатынан екі мың адам қаза тапты
ІІМ әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте биыл болған жол апаттарының саны жайлы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Жолдағы жағдайды тұрақтандыру мақсатында ІІМ кешенді шаралар қабылдап жатыр. Дегенмен осы жылы 22 мыңнан астам жол апаты тіркелді, онда 2 мың адам қаза тауып, 25 мыңнан астам адам жарақат алған. Жол апаты мен жарақат алғандар көрсеткішінің өсуі жол-көлік оқиғаларын есепке алу тәсілінің өзгеруімен байланысты. Қазір денсаулыққа келтірілген зиянға қарамастан, жол апатынан кейін медициналық мекемеге жүгінген барлық адам есепке алынады», — деді Қайсар Сұлтанбаев.