ГлавноеГосорганы

Биыл елімізде 49 жылу қазандығы жөндеуден өтеді

Энергетика министрлігінің жоспары бойынша биыл елдегі 49 жылу қазандығы жөндеуден өтеді. Ведомство басшысы Алмасадам Сәтқалиев Үкімет отырысында осындай жоспары бар екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл жүйелік оператор бекіткен кесте бойынша электр станцияларындағы 10 энергетикалық блокты, 49 қазандық пен 54 турбинаны жөндеу жоспарланған.

Қазіргі таңда жөндеу жұмыстары 1 энергетикалық блокта, 2 қазандық пен 3 турбинада басталып кетті. Қарағанды, Маңғыстау облыстарында электр станцияларының негізгі жабдықтарын жөндеу жұмыстары мерзімінен кешіккенін айту керек.

Электр желілеріне келсек, жалпы ұзындығы 25 мың шақырым электр жекізетін желіні, 564 жоғары кернеулі қосалқы станцияны жөндеу жоспарланған. Электр желілерін жөндеу мамыр айында бекітілген кестеге сәйкес басталады», — деді ол.

 

Другие новости

Back to top button