2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда бала тууы мен оның күтіміне байланысты берілетін мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері өзгерді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ҚАНША АДАМ ЖӘРДЕМАҚЫ АЛҒАН
Еңбекмин мәліметінше, былтыр баланы босануға және бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты 648,8 мың адамға жалпы сомасы 895,3 млрд теңге берілген. Бұл жәрдемақыны бала туған, асырап алған, сондай-ақ қамқорлыққа алған балалары бар еліміздің азаматтары, қандастар, сондай-ақ Қазақстанда тұрақты тұратын шетелдіктер үміткер ала алады.
Ал 1,5 жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша жәрдемақыны 41,6 млрд теңге сомасына 126,3 мың адам алды.
Бала тууына және бала күтіміне арналған мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына бекітілген айлық есептік көрсеткішке байланысты белгіленеді. 2025 жылдың басынан бастап мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 6,5%-ға көбейген.
БИЫЛ ДЕКРЕТТЕ ОТЫРҒАНДАРҒА ҚАНША БЕРІЛЕДІ
Бала тууына арналған жәрдемақы мөлшері:
- бірінші, екінші, үшінші балаға – 38,0 АЕК немесе 149 416 теңге;
- төртінші және одан кейінгі балаларға – 63,0 АЕК немесе 247 716 теңге.
Бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты төленетін жәрдемақы ай сайын келесідей мөлшерде төленеді:
- бірінші балаға – 5,76 АЕК немесе 22 648 теңге;
- екінші балаға – 6,81 АЕК немесе 26 777 теңге;
- үшінші балаға – 7,85 АЕК немесе 30 866 теңге;
- төртінші және одан кейінгі балаларға – 8,90 АЕК немесе 34 995 теңге.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске салайық, бұған дейін биыл көпбалалы аналар ай сайын қанша теңгеден алатынын түсінлірген болатынбыз.