ГлавноеГосорганы

Биыл ауылдарды дамытуға 210 млрд-тан астам қаражат бөлінген

771 ауылда 1800 жоба жүзеге асырылады

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Үкімет оырысында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясындағы бастамалар жайлы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Биыл жалпы 218,2 млрд  теңге 771 ауылдық елді мекенде 1800 жобаны іске асыру үшін бөлінді.Оның ішінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы 244 жоба, 383 әлеуметтік нысандар, және ауылішілік жолдарды жақсарту бойынша 1 200 жоба іске асырылуда.Осы ретте, «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы іске асырылған жылдан бастап республикалық бюджеттен қаржыландыру көлемі 6,7 есеге ұлғайғанын атап өтуге болады», — деді министр.

Ол атағандай, егер 2019 жылы 29 млрд. теңге бөлінсе, биыл республикалық бюджеттен 198 млрд теңге қарастырылды.

«Сонымен қатар, осы жылғы бөлінген қаржының бірінші жартыжылдығындағы игерілу мәселесіне тоқталатын болсақ:Кестеде көрсетілгендей әкімдіктер бюджет қаражатының 27% игерген.Қаражаттың жоғары игерілуі Павлодар, Ақтөбе, Қызылорда облыстарында байқалады.Сонымен қатар, ең төмен игерілу Алматы және Ұлытау облысында.Жалпы қазіргі таңда, 1 600 жоба бойынша конкурс өткізіліп, 158 жоба аяқталды. Өңірлер бөлінісінде ең көп аяқталған жобалар Жамбыл, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында», — деді ол.

Другие новости

Back to top button