Госорганы

Биыл алғаш рет Қызылордадан Алакөлге пойыз қатынайды

«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі Алакөл көлінің бағытында пойыздар Астана, Алматы, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарынан 12 бағыт бойынша қатынайтынын және алғаш рет Қызылордадан пойыз жүретінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

 

10 бағыт бойынша «Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздары, ал 2 бағыт бойынша жеке тасымалдаушылар құрамы жолаушы тасымалдайды.

«Теміржол көлігі еліміздің туризм саласын дамытуда шешуші рөль атқарады. Біз жыл сайын Алакөл курорттық аймағына жолаушылардың тасымалдауға деген сұранысы артқанын байқаймыз. Сондықтан осы жазғы маусымға Алакөл көліне дейінгі пойыздардағы орындардың санын арттыру мақсатында, өткен жылмен салыстырғанда 16 мыңға, яғни 270 мың орынға дейін ұлғайту туралы шешім қабылдадық», – деді басқарма төрағасы Жәнібек Тайжанов.

Сонымен қатар Алакөл бағытындағы пойыздар туристер үшін танымал Жалаңашкөл, Ақши және Бескөл станцияларында тоқтайды.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан мен Қытай арасында тағы бір жолаушылар пойызы жүретінін хабарладық. Туристік пойыздың жүруі «Үрімші – Алматы-2» қатынасындағы №103/104 жолаушылар пойызының кестесі бойынша Қорғас-Алтынкөл шекаралық өткелі арқылы жүзеге асырылады.

Другие новости

Back to top button