Госорганы

Биыл 9 мамырда Қазақстанда әскери шеру өткізіле ме

Биыл 9 мамырда Қазақстанда әскери шеру өткізбеу туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл туралы Қорғаныс министрлігінен мәлім етті.

Ведомство шеру бюджет қаржысын үнемдеу мақсатында және басқа да мәселелерді шешу қажеттілігіне байланысты жоспарланбай отырғанын атап өтті.

«Қазір департаменттің басым бағыты – Қазақстан Қарулы Күштері бөлімшелерінің жауынгерлік әзірлігі мен ұтқырлығын сақтау. Дегенмен, әскери бөлімдерде шағын әскери-патриоттық іс-шаралар өткізіледі», —  делінген министрлік хабарламасында.

Другие новости

Back to top button