Главное

Бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану: Парламент үкіметтің есебін қарайды

Парламент Мәжілісі Қазақстан Үкіметінің және ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 2024 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін талқылайды.

«Қазақстан Парламентінің қарауына ҚР Үкіметі және ҚР Жоғары аудиторлық палатасы 2024 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін енгізді. Алдын ала бағалау бойынша 2024 жылы ЖІӨ өсімі 4,8% құрады, бұл елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының бекітілген болжамынан 0,5 пайыздық тармаққа төмен.

Үкіметтің мәліметінше, былтыр республикалық бюджеттің кірісі 19,6 трлн теңгені немесе жоспардың 97,2%-ын, шығыстар 23 трлн теңгені немесе жоспардың 98,4%-ын, ал тапшылық 3,6 трлн теңгені немесе жалпы ішкі өнімнің 2,7%-ын құрады. 2024 жылы Ұлттық қорға келіп түскен қаражат 3,8 трлн теңгені немесе жоспардың 85 пайызын құрады.

Жоғары аудиторлық палатаның деректеріне қарағанда, 2024 жылы талаптарды бұзу 862 млрд теңге сомасында анықталған, сонымен бірге бюджет қаражаты мен активтерін тиімсіз пайдалану көлемі екі есеге жуық өскен», — деді Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы, депута Татьяна Савельева.

Осы орайда ол Мәжілістің Қаржы және бюджет комитеті Үкіметтің және Жоғары аудиторлық палатасының есептері бойынша қорытынды әзірлеуге дайын екенін айтты.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамасы бойынша жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің құрылысын жаңғырту кезіндегі бюджет қаражатын ұтымсыз жұмсау тоқтатылды,

Дереккөз:kaz.inform.kz

Другие новости

Back to top button