Костанайская область
Бюджет қаражатын жымқыру: Қостанай облысында кінәлілер 5 жылға сотталды
Қостанай облысында ауыл шаруашылығы субсидиялары түріндегі бюджеттік ақша қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық іс аяқталды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі мәлімдеді.
Кінәлілерге алты жыл мерзімге коммерциялық және мемлекеттік ұйымдарда материалдық-жауапты және басшы лауазымдарды атқаруға байланысты қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 5 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалған.ҚР ҚМА баспасөз қызметі
Ведомсвто өкілдері кінәлілерге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеу орташа қауіпсіз қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде тағайындалғанын атап өтті.