Социум

Бішкекте тойға динозавр киімін киген жас жұбайлар желі қолданушыларын таңғалдырды

Жас жұбайлар АХАЖ-ға динозавр киімін киіп келген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Күйеу жігіттің мойнындағы галстук, ал қалыңдықта дәстүрлі гүл шоғы бар. Қыз жолдас пен күйеу жолдас та осындай киім киген.

Ерекше рәсімнің видеосын өзінің Facebook парақшасында Қырғызстан астанасының тұрғыны Владимир Цай жариялады. Ерлі-зайыпты мұндай әрекеттеріне қатысты түсініктеме бермеді. Желі қолданушылары жұбайлардың мұндай жаңашылдығына тәнті болып, бақыт тіледі.

“Керемет. Жарайсыздар. Бұл ұзақ уақыт есте қалады”, “Оларға айыппұл салына ма? Соңғы уақытта осындай нәрсе көбейіп кетті”, “Неге жасамасқа?! Қызықсыз, зеріктіретін зайырлы дәстүрлер кімге керек?! Барлық таптаурынды бұзып, өз қалауымызбен істеуіміз керек, бірақ, әрине, заң аясында. Батылдықтарыңыз үшін құрмет!” деп жазды желідегілер.

 

Другие новости

Back to top button