ГлавноеМангистауская область

Бишімбаевтың сыңары: Ақтауда бойжеткенді аяусыз ұрған ер адам қамауға алынды

Бірнеше күн бұрын желіде бойжеткен қызды аяусыз соққыға жыққан ер адамның видеосы жарияланған. Полиция күдіктіні қолға түсіріп, қамауға алған сәтін жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 

 

Қыз баланың айтуынша, бұрын қарым-қатынаста болған ер адам оны үнемі соққыға жығып, мазақ еткен. Мейрамханадағы жағдайдан кейін видеоны жариялау туралы шешімге келген.

Осыдан кейін полиция «ұрып-соғу» бабы бойынша іс қозғады. Енді құқық қорғау органдары күдіктінің уақытша ұстау изоляторына орналастырылғанын хабарлайды.

«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Ақтау қаласының полиция қызметкерлері тонау мен ұрып-соғу бойынша күдікті ер адамды анықтап ұстады. Қазіргі уақытта күдікті Ақтау қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамауға алды», — деп жауап берді Маңғыстау облысы ПД.

Іс бойынша тергеу жалғасуда. Құқық қорғау органдары ер адамды қамауға алу туралы бейнені көрсетті.

Айта кетейік, оқиға Ақтау қаласындағы кафелердің бірінде болғаны осыған дейін хабарланған болатын.

Другие новости

Back to top button