Госорганы

Бишімбаевтың соты: Сотталушының адвокаты сотқа БАҚ-қа қатысты арыз түсірді

Астанада әйелін ұрып өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың соты басталды. Отырысының басында қорғаушы тарап судьядан БАҚ-қа қылмыстық іс материалдарын жариялауға тыйым салуды сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бишімбаевтың адвокаттары судьядан БАҚ-қа қылмыстық іс материалдарын жариялауға тыйым салуды сұрады. Оларға журналистердің Бишімбаев пен Байжановтың хат алмасуын жариялағаны ұнамаған көрінеді.

Алайда жәбірленуші тарап соттың ашық әрі БАҚ өкілдерінің қатысуымен өтуді Бишімбаевтың өзі сұрағанын атап өтіп, бұған қарсы шықты. Сот қорғаушы тараптың өтінішін кері қайтарды.

Осыдан кейін қорғаушы тараптың Бишімбаевқа басқа сұрақтары жоқ екені анықталды. Сот жауап алуды жәбірленуші тарапқа беріп еді алайда олар экс-министр барлық оқиғаны баяндап болғаннан кейін сұрақ қоятындарын айтты.

“Біз Бишімбаев азаптап өлтіру мен адам өлтіруге қатысты барлық оқиғаны айтып берген соң сұрақ қойғымыз келеді”, – деді жәбірленуші тараптың адвокаты.

Айыпталушы Қуандық Бишімбаев сотта айғақ беруді жалғастырып жатыр.

Другие новости

Back to top button