Бишімбаевтың жазасын жеңілдету үшін 100 млн теңге: күдікті 11 жылға сотталуы мүмкін
Астана сотында 100 млн теңге пара алу туралы іс бойынша процесс жалғасуда. Елорда тұрғыны Бишімбаевтың отбасына экс-министрге берілетін жазаны жеңілдетуге көмектесуге уәде берген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Күдікті Бишімбаевтың отбасына қатысты іс бойынша алқабилердің қатысуымен сотқа жүгінгені белгілі.
Оған Қылмыстық кодекстің төрт бабы – 24-баптың 3-бөлігі «қылмысқа дайындық және қылмысқа оқталу», 190-баптың 4-бөлігінің 2-тармағы «аса ірі мөлшердегі алаяқтық», 28-баптың 4-бөлігі «арандату», 367-баптың 4-бөлігі «аса ірі мөлшердегі пара» бойынша айып тағылды.
17 қазандағы сот отырысы кезінде прокурор соттан барлық ұсынылған бап бойынша сотталушыны кінәлі деп тануды және 11 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.
Айта кетейік, бірнеше ай бұрын азаматтық некедегі әйелін аяусыз соққыға жығып өлтірген бұрынғы министр Қуандық Бишімбаевтың туыстары Антикорға жүгінген.
Олар елорда тұрғыны 100 млн теңгеге бұрынғы шенеуніктің үкімін жеңілдетуге көмектесуге уәде бергенін хабарлады.