Главное
Бишімбаевтың інісі түрмеден ерте шыға ала ма – ішкі істер министрі не дейді

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бауыры Бақытжан Байжанов рақымшылықпен түрмеден ерте шығуы мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Түпкілікті шешімді сот қабылдайды.
«Бишімбаевтың інісінен әзірге өтініш түскен жоқ. Егер ол мерзімінен бұрын босатуға өтініш хат берсе, әрине сот оны қарастырады», — деді ішкі істер министрі Ержан Сәденов Мәжіліс кулуарында.
Бұған дейін Бақытжан Байжанов рақымшылыққа ілігіп, колониядан мерзімінен бұрын шығуы мүмкін екені туралы ақпарат тараған.
Естеріңізге салайық, экс-министр Қуандық Бишімбаев азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін 25 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Ал оның туысы Бақытжан Байжанов қылмысты жасыру бабымен төрт жылға сотталған.
Жуырда Мәжіліс Конституцияның отыз жылдығына орай сотталғандарға рақымшылық беру туралы заңды қабылдады.