ГлавноеГосорганы

Бишімбаевты ақтап алу науқаны басталды – Зәкиева

Қазақстандағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева әйелін өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевты ақтап алу науқаны басталғанын мәлім етті. Ол бұл туралы әлеуметтік желіге жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің мәліметіншше, қазір Салтанат Нүкенованың ісі бойынша сот басталар алдында немесе сот барысында сотталушыны ақтау мақсатында фактілерді әдейі бұрмалау әрекеттері жасалатыны туралы ақпарат бар.

– Кейбір адамдар осы медианауқанға кірісіп те кеткен. Адамдардың бұған қалай қатыса алатынын, зорлық-зомбылықты қалай ақтауға болатынын түсіну мүмкін емес. Бұл іс бойынша әділ сот жазадан құтылу мүмкін емес деген нақты сигнал болуы керек, – дейді ол.

Еске салайық, бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанадағы мейрамханалардың бірінде әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен қамауға алынды.

Қайтыс болған Салтанат Нүкенованың ағасы Қайрат Нүкенов «Бишімбаевты ақтауға тырысқан» блогерлерді айыптай сөйлеп, экс-министрді туыстары ешқашан кешірмейтінін мәлімдеді.

Қылмыстық іске президент Қасым-Жомарт Тоқаев та назар аударып, істі ІІМ басшылығына ерекше бақылауға алуды тапсырды. Кейін экс-министр Бишімбаевтың үстінен «аса қатыгездікпен адам өлтіру» бабы бойынша іс қозғалғаны хабарланды.

Другие новости

Back to top button