ГлавноеГосорганы

Бишімбаев жазасының үштен екісін өтегеннен кейін мерзімінен бұрын босау туралы өтініш түсіре алады – прокурор

Бүгін 24 жылға сотталған Қуандық Бишімбаев жазасының үштен екі бөлігін өтегеннен кейін мерзімінен бұрын босату туралы өтініш түсіре алады. Бұл туралы бүгін сот үкімінен кейін Azattyq ruhy тілшісінің сұрағына жауап берген прокурор Саяхат Нұрбеков мәлім етті.

«Бишімбаев жазасының үштен екі бөлігін өтегеннен кейін шартты түрде босату туралы сотқа өтінішхатпен шыға алады. Аталған мәселені сот шешеді. Ал Байжанов жазасының кемінде жартысын өтегенненн кейін шартты түрде мерзімінен бұрын босау туралы өтініш түсіре алады», — деді Саяхат Нұрбеков.

Бұл ретте, прокурор атап өткендей, Бишімбаевты мерзімінен бұрын шығару үшін зардап шеккен тараптың пікірі ескеріледі. Ал, Байжановтың жазасы үшін олардың пікірі керек емес.

Другие новости

Back to top button