Нур-Султан

Бишімбаев ісі: Сот үкімін естіген Салтанаттың анасы мен адвокаттар жылап жіберді

Қуандық Бишімбаевқа сот үкімі шыққанда Салтанат Нүкенованың анасы, туыстары мен адвокаттар көз жасына ерік берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Эмоционалды қиын болды. Жап-жас, сұлу, бүкіл болашағы алдағы әйелдің өмірін үзді. Ол бір қауым елдің ортасында өлді, оған ешкім қол ұшын бермеді. Бәрінен бұрын мені осы қорқытты. Адамдардың қатігездігі, бей-жай қарауы. Бұл бәрімізге сигнал болуы тиіс. Сіздің бей-жайлығыңыз біреуді өліміне себеп болуы мүмкін», — деді сот отырысынан шыққан адвокат жанна Оразбахова.

Айта кетейік, бүгін Салтанат Нүкенованың өлімі бойынша сот үкімі шықты.

Другие новости

Back to top button