ГлавноеНур-Султан

Бишімбаев ісі бойынша сот отырысына ресейлік журналист Ксения Собчак келді (видео)

Әйелі Салтанат Нүкенованы азаптап ұрып өлтірдеп айыпталған Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша кезекті сот отырысы жалғасып жатыр. 22 сәуірдегі сот отырысына ресейлік Ксения Собчак қатысып отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

22 сәуірде судья журналистердің сот отырысына қатысуына рұқсат берді. Бұған дейін КТК телеарнасы алқабилерді түсіріп алғандықтан, БАҚ өкілдерін уақытша кіргізбей қойған еді.

Ресейлік журналист Ксения Собчак БАҚ өкілдерінің емес, жәбірленуші тараптың артында, марқұм Салтанат Нүкенованың туыстарымен бір қатарда отыр.

Еске салсақ, Бишімбаев сотында алқабилерді көрсетіп қойған журналистерге сот шешім шығарғаны хабарланған еді.

Бұған дейін бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікпен ұсталған. Кейіннен қылмысты жасырды деген айыппен Салтанат Нүкенова көз жұмған мейрамхананың директоры да тұтқындалды. Қазір олардың сот отырысы ашық түрде өтіп жатыр.

Сондай-ақ экс-министр Қуандық Бишімбаевқа Қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-бөлігі («Азаптау»), Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 5-тармағы («Аса қатыгездікпен адам өлтіру») бойынша жаңа айыптар тағылған еді. Ал оның туысы Бақытжан Байжанов қылмысты жасырғаны және хабарламағаны үшін айыпталған.

Другие новости

Back to top button