Социум

Бишімбаев «дала заңы» бойынша да өмір бойына сотталу керек – Салтанат Нүкенованың әкесі

Марқұм Салтанат Нүкенованың әкесі Амангелді Нүкенов бүгін сот процессінде Қуандық Бишімбаевқа қандай жаза беру керек деген сұраққа қатысты өз ойын айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Амангелді Нүкенов бір жарым ай уақытқа созылған сот кезінде өліп-тірілген күйде болғанын айтады.

«Менен бұл адамға «қандай жаза берілу керек» деп сұрады. Біз емес, бүкіл әлем өмір бойғы жаза берілсін дейді. Біз қазақпыз, «дала заңын» оқыдық. Сондықтан, мен бұл адамға өмір бойы жаза береді деп үміттенемін», — деді Амангелді Нүкенов.

Айта кетейік, қазір сот пен алқабилер кеңесу бөлмесінде үкімді ақылдасып жатыр.

Другие новости

Back to top button