Госорганы

Бірқатар медициналық анализ нәтижелері онлайн ұсынылмақ

Енді қазақстандықтар медициналық анализдердің нәтижесіне онлайн қол жеткізе алады. Бүгінде барлық медициналық талдау нәтижелерін сервиске енгізу бойынша жұмыс жүріп жатыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Бейбіт Есенбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің министрлік Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп egov Mobile мобилдік қосымшасында «eDensaulyq» сервисін іске қосты. Онда донорлық мәртебе, электрондық рецепттер, медициналық қарсы көрсетілімдер, жүкті әйелдерді есепке алу және диспансер, емдеуге жатқызу, зертханалық талдаулар нәтижелері және аурухана парақтары бойынша кеңейтілген ақпарат ұсынылған. Мысалы, «Жалпы ақпарат» бөлімінде пациенттің қай медициналық ұйымға тіркелгені, учаскесі және дәрігер толтырған деректермен танысуға болады», – деді Бейбіт Есенбаев орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Вице-министрдің айтуынша аталған қызмет арқылы пациенттің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі мәртебесі және соңғы рет төлемнің қашан жасалғанын көруге болады.

«Сонымен қатар, енді пациенттер медициналық талдаулардың нәтижесіне онлайн қол жеткізе алады. Барлық медициналық анализ нәтиежелерін сервиске енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде. eDensaulyq сервисі дербес медициналық деректерге қол жеткізудің бірыңғай көзі және нәтижеге жылдам қол жеткізуге мүмкіндік береді. eDensaulyq» сервисінің аясы кезең-кезеңімен кеңейе түседі. Жақын арада қан тобы және басқа да ақпараттар қосылады», — дейді ол.

Другие новости

Back to top button