Павлодарская область

Бірнеше үйге жылу берілді: Екібастұздың қазіргі ахуалы қандай

Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр

Екібастұзда құбырларды жылыту жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24» телеарнасы.

Нәтижесінде Мәшһүр Жүсіп көшесінің бойындағы 89, 91 және 93-ші үйлердің құбырларына жылу барды. Енді мамандар алдағы уақытта үйлерді жылыту жүйесіне қосуы тиіс. Осыған дейін 15 зақымданудың 14-і жойылып, қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр.

 

«Қазір біз бу арқылы жылытып жатырмыз. Арнайы техникалар арқылы жылытып жатырмыз. Бүгін түнде, міне, Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі №91 үйдің құбырларына жылу жібердік, енді ары қарай жалғастырып жатырмыз», — деді жұмысшы Бауыржан Хабылқақұлы.

 

Другие новости

Back to top button