ГлавноеОбразование

Бірнеше өңірде мектептер онлайн режимге ауысты

Ауа райының нашарлауына байланысты бірнеше өңірде оқушылар қашықтан оқиды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қарағанды облысының білім басқармасы 7 қарашада ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысым 0-11 сынып оқушыларының, 1-2 курс колледж студенттерінің сабақтары қашықтан оқуға көшірілетінін және Балқаш пен Приозерск қалалары штаттық форматта оқитынын хабарлады.

Ақмола облысында: 1 ауысым 0-11 сыныптар: Астрахан, Атбасар, Шортанды, Ақкөл, Жақсы, Ерейментау, Есіл аудандарындағы қала мектептері, Жарқайың ауданының мектептері, Сандықтау ауданының 2 мектебі.

0-9 сыныптар: Қосшы қаласы, Целиноград, Степногорск қаласы, Егіндікөл, Біржан сал, Аршалы аудандары.

1-4 сыныптар: Көкшетау қаласы, Зеренді ауданы.

Павлодар облысында 7 қарашада бірінші ауысымдағы мектепалды, 1-11 сынып оқушыларының және 1-2 курс колледж студенттерінің сабақтары қашықтан оқу форматына ауыстырылады.

Бұған дейін Астана мектептері онлайн режимге ауысқанын хабарлағанбыз.

Другие новости

Back to top button