Нур-Султан

«Біреуін ұрып, екіншісін теуіп, үшіншісін қылқындырған»: Астанада ер адам балаларға шабуыл жасаған (видео)

Астанада тұрғын үйлердің бірінде ер адам үш балаға шабуыл жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 

Әлеуметтік желілерде ер адамның бір баланы бетінен тартып қалып, екіншісін теуіп, үшіншісін қылқындырып жатқан сәті түсіп қалған видео тарады.

Оқиға «Эдем палас 2» тұрғын үй кешенінде болғаны  айтылған. Бұл жайттан кейін балалардың ата-анасы полицияға арыз жазды.

«Байқоңыр аудандық полиция басқармасы сол үйдің 30 жастағы тұрғынын ұстады. Бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», — деді Астана қаласының полиция департаменті.

Бұған дейін Атырауда инклюзивті балабақша тәрбиешісі баланы ұрып жіберген. Оқытудың педагогикаға қайшы әдістері желіге таралып кетті.

Другие новости

Back to top button